jasqazaq.kz

Әлем кубогы Қазақстанға келеді

05 желтоқсан 2017, 14:18

Алматыда Халықаралық футбол күні қарсаңында Әлем кубогының Қазақстанға әкелінуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жалпы алғанда, трофей әлемнің 50 елін аралайды, Қазақстанға оны Coca-Cola компаниясы алып келмек. Компанияның Орта Азия және Кавказдағы өкілі Александра Аккирманның айтуынша, қазақстандықтар Кубокты осымен екінші рет тамашалай алады – 2010 жылы да Қазақстанға әкелінген болатын.

«Келесі жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Кубокты тағы бір рет алып келмекпіз. Футбол федерациясымен бірлесіп осы шараны екінші рет өткізгелі отырғанымызға разымыз. FIFA-ның ережесі қатал: Әлем Кубогын мемлекет басшылары немесе әлем чемпионатының жеңімпаздары ғана ұстай алады. Бұл жолы Кубок әйнек ыдыста әкелінбек», — деді ол.

Қазақстанға Кубок 2018 жылы 4 ақпанда әкелінеді деп жоспарланған, трофей «Мега» сауда орталығына қойылмақ. Бұдан бөлек, жанкүйерлер арасында 2018 жылғы әлем чемпионатының бір матчына арналған билет ойнатылатын болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық