jasqazaq.kz

Әлем чемпионаты: 1/8 финалға шыққан командалар

29 маусым 2018, 11:29

Футболдан Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі өз мәресіне жетті.

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

H тобының үшінші турының ойындары 28 маусымда Ресейдің Самара қаласында өтті. Сол күнгі Колумбия мен Сенегал арасындағы кездесу 1: 0 есебімен аяқталды.

Соңғы болып “G” тобындағы ойындар өтті. Бұл топта соңғы ойынға Бельгия мен Англия құрамалары екі турдан кейін-ақ жолдама алды. Соңғы турда бірінші және екінші орындарды өзара бөлісті. 51 минутта Аднан Янузайдың тепкен добы Бельгия құрамасына жеңіс сыйлады. Нәтижесінде 1/8 финалда Англия Колумбиямен, Бельгия Жапониямен кездесетін болды.

Осылайша, Колумбия құрамасы Н тобында 6, Жапония – 4, Сенегал – 4, Польша – 3 ұпай жинады.
Жапония командасында сары қағаздың саны аз болғандықтан Сенегалдан басым түсті. Төрешілер азиялық құраманың ойыншыларына 3 раунд бойынша 4 , ал африкалықтарға – 6 ескерту жасаған. Сол себептен, поляктардан жеңіліп қалған жапондықтар сары қағаз көрсеткіші бойынша Сенегал құрамасынан басым түсіп, сан соқтырып кетті.

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі осындай нәтижемен аяқталды. 1/8 финалға шыққан 16 құрама анықталып, қарсыластары белгілі болды.

Соңғы ойындарға Колумбия мен Жапония құрамаларынан басқа Ресей, Уругвай, Испания, Португалия, Франция, Дания, Хорватия, Аргентина, Бразилия, Швейцария, Швеция, Мексика, Англия және Бельгия командалары да 2018 жылғы Әлем кубогының 1/8 финалына шықты.

2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында 12 стадионда өтуде, сондай-ақ әлем кубогы 15 шілдеде «Лужники» матчында аяқталады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді