jasqazaq.kz

«Әлем барысы» колледж директоры болып тағайындалды

31 қантар 2019, 17:59

«Қазақстан барысы» әрі екі мәрте «Әлем барысы» атанған балуан Айбек Нұғымаров Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығымен, облыстың білім басқармасына қарасты «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалғанын ҚазАқпарат тілшісіне Айбек Нұғымаровтың өзі растады. Айта кетсек, Айбек Нұғымаров Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубогінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы. Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста «Қазақстан Барысы» атағын алған (2013 ж.). Сонымен бірге, балуан 2017 және 2018 жылы өткен «Әлем барысы» турнирінде бірінші орын иеленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде