jasqazaq.kz

Алексей Цой вакцинациядан кейін коронавирустан қайтыс болғандар санын жария етті

20 тамыз 2021, 17:30

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациядан кейін коронавирустан қайтыс болғандар санын жария етті .

«Жалпы, коронавирус инфекциясынан 4 969 адам, оның ішінде вакцинация алған 115 адам қайтыс болды. Яғни, бұл жалпы қайтыс болғандардың 2,5 пайызы. Қайтыс болғандардың басым бөлігі, 97,7 пайызы вакцина алмағандар. Бізде өңірлер ішінде де мәліметтер бар. Вакцина алғанымен қайтыс болған адамдарда созылмалы аурулары болған. Дәл осы жайт олардың жай-күйлерінің нашарлауына және өмірден озуына себеп болған», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі. Өйткені, олар қатер төнетін топқа жатады.

«Бірақ, тағы да қайталап айтқым келеді, қайтыс болған азаматтардың басым бөлігі вакцина алмаған. Күрделі аурулардың барлығы семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі, тыныс алу жүйесіндегі ауруларға байланысты»,- деді ол.

Осы ретте министр вакцина алғаннан кейін қай өңірде қанша адам өмірден озғанын да атап өтті.

«Қазақстанда вакцинациядан кейін 115 адам қаза тапты. Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 3, Алматыда – 17, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қарағанды облысында – 9, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Нұр-Сұлтанда – 32, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 0, Шымкент қаласында 27 адам», — деді Алексей Цой.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия