jasqazaq.kz

Алексей Цой шымкенттік дәрәгердің видеоүндеуіне жауап берді

06 шiлде 2020, 10:04

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Бұл видео белсенді түрде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады… Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр», — деді ол журналистерге берген сұхбатында.

«Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды», — деп түсіндірді ол.

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысты, бірақ әзірше барлық әрекет сәтсіз болып шықты. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін реабилитологпен кездесуді жоспарлап отыр.

Мұның алдында реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық