jasqazaq.kz

Алексей Цой: Коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендеді

04 тамыз 2020, 10:11

Республикада коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«3 тамызда 93 820 науқас тіркеліп, оның 27 597-сі ем алып жатыр. 55 132 адам емделіп шығып, 1 091 адам қайтыс болды. Толықтай алғанда, республика бойынша өткен аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайлардың 18 пайызға төмендегені байқалады. 4 апталық карантин кезінде мынадай нәтижеге қол жеткізілді: төсек-орынның босауы 55 пайыз болды. Оның ішінде реанимациялық төсек-орындар 36 пайызға қысқарды. Жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру, оның ішінде коронавирусқа байланысты шақыртулар 40 пайызға азайды»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, вирустың репродуктивтік көрсеткіші 24 пайызға, яғни, 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді.

«Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродуктивтік көрсеткіші 1,2 пайыз болған еді. Карантин енгізілген соң 2 аптадан кейін репродуктивтік көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеу үрдісін байқап отырмыз», — деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, 23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктік көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келе жатыр. Бұл көрсеткіш 4 тамызда 0,89-ға дейін қысқарды.

«Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бұл көрсеткіштің 1-ден төмен болғаны маңызды. 4 тамызда репродуктивтік көрсеткіш Ақмола мен Қарағанды облыстарынан басқа барлық өңірде 1-ден жоғары болған жоқ», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия