jasqazaq.kz

Алексей Цой Елжан Біртановты жұмысқа ала ма?

26 сәуiр 2021, 10:24

Бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға «бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба?» деген сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне қабылдайсыз ба?», — деп сұрады тікелей эфир барысында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі. Бұл сауалға Алексей Цой: «Қазіргі уақытта біз де мұндай ақпаратты алып отырмыз. Білуімізше, қазіргі уақытта ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр», — деп жауап берді. Айта кетейік, бүгін елімізде QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталып, вакцинаны тікелей эфир барысында алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алған еді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия