
Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық Алексей Полтораниннің спорттан 4 жылға шеттетілгенін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат федерацияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешіммен эстондық шаңғышылар Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді», — делінген хабарламада.