jasqazaq.kz

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми кірісті

23 қыркүйек 2020, 16:56

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Беларусьтің Тәуелсіздік сарайында өтті. Бұл туралы БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Президентті ұлықтау рәсіміне бірнеше жүздеген адам шақырылған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, Өкілдер палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті атқарушы және үйлестіруші органдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері болды.

Оң қолын Конституция кітабына қойған Александр Лукашенко антын туған тілінде берді. А.Лукашенко ант қабылдау туралы актіге қол қойған соң, Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдарды өткізу комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина оған Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыстады.

Еске салайық, Беларусьта президент сайлауы 9 тамыз күні өтті. ОСК мәліметінше, Александр Лукашенко үшін сайлаушылардың 80,1 пайызы дауыс берген. Ел бойынша сайлауға қатысу 84,28 пайызды құрады.

17 тамызда Беларусь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кетіп, 20 тамызда Лукашенко ел премьер-министрін тағайындап, үкімет құрамын бекітті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде