Алдымен бауырына басты. Сосын куып жіберді

27 қараша 2016, 19:10

ruka

Ақтөбеде жетім қызды қамқорлығына алған отбасы оның аяғы ауыр болып қалғанда қуып жіберген. Ес білгелі балалар үйінде тәрбиеленген Дина есімді жас ана баласын асырау үшін жан бағып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткен Ақтөбе облысының Алға қаласында өзбек жігітімен танысады. Уақытша жұмысқа келген шетел азаматы жүкті болып қалған қызды алдап, соңында қашып кеткен. Қызды қамқорлығына алған отбасы жүкті болып қалғанын естігенде одан бас тартады. 18 жасында ішіндегі шаранасымен далада қалған бойжеткен Ақтөбедегі жас аналарға арналған орталықта бас сауғалап шыққан.

«Дина бізге 18 жасында түсті. Баласының әкесі өзбек азаматы екен. Аяғы ауыр болғаннан кейін қызды тастап кеткен. Жетімдер үйінде тәрбиеленген қыз осыған дейін біреудің қамқорлығында болған. Аяғы ауыр болып қалған соң 18 жасқа толған қызды қамқорлығына алған адамдар қуып жіберген. Иманы бар адамдар болса жетім қызды 25 жасқа келгенше аяқтандырып жіберу керек еді. Қаңғып бізге келді», — дейді «Аналар үйі» орталығының директоры Таңсұлу Лақова.

Ата-ана мейірімін өзі көрмей өскен бойжеткен баласын жетім қалдырғысы келмейді. Ол мүлде баратын жері жоқ екенін айтып, баласы 1,5 жасқа келгенше аналар үйінде тұрған. Кейін орталық директоры оқу орнымен сөйлесіп, жатақханадан бір бөлме алып берген.

«Дина 19 жаста ғана. Қазір 2 курста оқиды, әлі 3 жылы бар. Басшыларына хат жазып, баласы екеуіне бір бөлме беруді сұрадық. Оқу орны тарапынан көмек көрсетілді. 2 жасқа толмағасын баласын балабақшаға бере алмай отыр. Жетімдер үйінің түлегі ретінде стипендия алады. Сырттайға ауысса алатын барлық жәрдемақыларынан қағылады. Бізге баласын алып демалыс сайын келіп тұрады», — дейді Таңсұлу Лақова.

Аналар үйінен көмек сұрап келетін қыздардың тағдырлары ортақ. Жігіт алдап кеткен, тастап кеткен, ата-аналары қабылдамаған.

«Біз баланы ананың қасында қалдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қыздардың көбісі ауылдардан келеді. Қазір орталықта 18-35 жас аралығындағы 11 қыз тұрып жатыр. Осы уақытқа дейін 82 ананы баласымен тұрғыздық. Оларға моральдық, материалдық, заңдық тұрғыдан да көмек көрсетілді. Осы орталықтан қыздардың 21-ін тұрмысқа жібердік. Баланың әкесімен қосылғандар, басқа адамдармен табысқандар бар. Шыққаннан кейін де хабарласып отырамын. Олар кез келген сұрақпен хабарласып тұрады. Мені анасындай көретіндер бар», — дейді орталық директоры.

 

tilshi.kz

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»