jasqazaq.kz

Алданған студенттердің жанайқайы (видео)

04 мамыр 2018, 15:25

Астанада Медициналық университеттің студенттері ағылшын тілінің IELTS сертификатын жалған жасатып алған деген күдікпен оқудан шығарылып жатыр. Бұл жайтқа қатысты өзге де студенттер жанайқайын жеткізіп, Ләйлә Сұлтанқызына видео-сәлемдеме жолдады.

«Құрметтi қазақстандықтар жəне Лəйлə Сұлтанқызы, сiздiң жолдаған видео-сəлемдемеңізге жауап ретiнде айтарым:
Медицина университетiнiң студенттерi 1-курсынан бастап таң атқаннан қара кешке дейiн бас алмай кiтап оқып, қаланың мына басынан ана басына дейін сандалып, ɵз iсiнiң нағыз маманы болу жолында тынбай еңбектенедi.

Басқа студенттер екi мезгiл ауысыммен оқыса, бiздiң студенттер екі аусымды да қосып оқиды. Түнгi ұйқысын аурухана қабырғасында кезекшiлiкпен ɵткiзедi.
Біздің жанымызды қынжылтып тұрған бір ғана нəрсе бар. Ол — бұқаралық ақпарат құралдардарының қалың елді дүрліктірген АЙЛТС оқиғасын — болашақ дəрігерлердің біліксіздігінің дəлелі деп танытуы, медициналық бiлiктiлiктi анықтайтын дипломымызға күмəн тудыруы болып тұр.

Сiздерге айтарым:
Егер медициналық бiлiктiлiктi IELTS анықтайтын болса, онда жер бетіндегі кез-келген ағылшындық дəрiгер болып кетер еді ғой.

Елбасымыз айтқандай, ағылшын тiлi бiзге тек əлемнiң соңғы жаңалықтарынан құлағдар болып отыру үшін ғана қажет.
Ал дəрiгерлiк бiлiмімізді қазақша кiтаптар арқылы да арттырып жүрмiз. Оған күмəн болмасын.

Сөз соңында айтарым, IELTS — халықаралық маңызды құжат. Мұндай құжатты заңсыз қолдан жасауға жол беріп отырған ұйымнан (British counsil) сұрақ-жауап алыңыздар», — дейді медицина университетінің студенті.

Бұл жайтқа қатысты Ләйлә Сұлтанқызы «кешегі «Өз ойым» бағдарламасын көргендер Абылайдың сәлемдемесін түсінеді» деген жауап қайтарды.

Кешегі @oz_oiym7 көргендер Абылайдың сәлемдемесін түсінеді… ✳Құрметтi қазақстандықтар жəне Лəйлə Сұлтанқызы, сiздiң жолдаған видео-сəлемдемеңізге жауап ретiнде айтарым: *** Медицина университетiнiң студенттерi 1-курсынан бастап таң атқаннан қара кешке дейiн бас алмай кiтап оқып, қаланың мына басынан ана басына дейін сандалып, ɵз iсiнiң нағыз маманы болу жолында тынбай еңбектенедi. *** Басқа студенттер екi мезгiл ауысыммен оқыса, бiздiң студенттер 2 аусымда да қосып оқиды. Түнгi ұйқысын аурухана қабырғасында кезекшiлiкпен ɵткiзедi. *** Біздің жанымызды қынжылтып тұрған бір ғана нəрсе бар. Ол — БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ қалың елді дүрліктірген АЙЛТС оқиғасын — болашақ дəрігерлердің біліксіздігінің дəлелі деп танытуы, медициналық бiлiктiлiктi анықтайтын дипломымызға күмəн тудыруы болып тұр. *** Сiздерге айтарым: Егер медициналық бiлiктiлiктi IELTS анықтайтын болса, онда жер бетіндегі кез-келген ағылшындық дəрiгер болып кетер еді ғой.. *** Елбасымыз айтқандай ағылшын тiлi бiзге тек əлемнiң соңғы жаңалықтарынан құлағдар болып отыру үшін ғана қажет. Ал, дəрiгерлiк бiлiмімізді қазақша кiтаптар арқылы да арттырып жүрмiз. Оған күмəн болмасын. *** Сөз соңында айтарым, IELTS- халықаралық маңызды құжат. Мұндай құжатты заңсыз қолдан жасауға жол беріп отырған ұйымнан (British counsil) сұрақ-жауап алыңыздар. P.S. Сɵзiмнiң кɵп бɵлiгi видеоға сыймай қалғандықтан, жазбаша түрде қосымша жiберiп отырмын.

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

NUR.KZ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді