jasqazaq.kz

Алданған ана

12 наурыз 2021, 10:20

Біреудің әлсіздігін пайдаланып, ақша тапқысы келетіндер көбейді. Соның бір мысалы – Алматыдағы қайырымдылық ұйымынан көмек күтіп, имандай сенген аналардың алдануы. Олардың арасында көпбалалы да, жалғызбасты да аналар бар.

Оқиға былай болған. Әлдебір еріктілер аналардың ауыр тағдырын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды. Бірақ жиналған соманың басым б!лігін қалтасына басып, жоқ болады. Бес баласымен (оның екеуі мүгедек) қуықтай пәтерде күн кешкен Ақайша КТК арнасына «Ақ сенім» атты қайырымдылық қоры туралы былай деді: «Қайырымдылық қорынан келгендер бізді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Кейін таныстарым «сені к!ріп, қаржы аудардық» деп хабарласты. Ал қордағылар «бір тиын да түскен жоқ» деп көмек көрсетпеді. Оларды сотқа беремін деп қорқытқаннан кейін, желіден біздің видеоны алып тастады. Дау тумасын деді ме екен, 100 мың теңге берді».

КТК тілшілері әлеуметтік желіде «Ақ сенім» көрсеткен мекенжайға барыпты. Бірақ бизнес орталықта ондай ұйым атымен жоқ болып шықты. Телефон нөмірлері де өшірулі. Ғаламторда мұндай ақша жинайтын ұйымдардан б!лек, мүгедек балалардың суретін жәшікке жапсырып, көше кезетіндер де соңғы кезде елімізде еселеп артыпты.т Заңгер Сергей Уткин телеарнаға берген сұхбатында
алаяқтардың қақпанына түспеу үшін алдымен ол ұйымды егжей-тегжейлі тексеру керек дейді. Ол: «Мұндай жағдай біраз адамның басында болуы мүмкін. Бірақ он адамның біреуі ғана арыз жазады. Қалғандары тергеуге уақытын кетіргісі келмей, қолын бір сілтейді. Ал, шындығында, қайырымдылық ұйымдары әділет министрлігінде тіркелуі тиіс. Қанша табыс түсті, құрамында қанша адам бар, осы секілді ақпаратты қалаған адамның білуге құқығы бар», – дейді. Ақайша Бейсенбаева «Ақ сенім» ұйымына басқа аналардың өзі секілді алданып қалғанын қаламайды. Ол учаскелік полицейге арыз жазғанмен, мұндай істі әкімшілік сот қарайды деп қабылдамай қойыпты.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия