jasqazaq.kz

Алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

04 наурыз 2020, 13:48

Қазгидромет 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық ауа ағындары қар, боран алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарына циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын күтіледі. Суық ауа ағындарынан кейін, Гренланд теңізінен арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облыстарында күннің суытуына әкеп соғады», — делінген хабарламада. Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтерілуі күтіледі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия