
Қазақстан аумағында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды .
«1 шілде республиканың шығысында, 2 шілде батысында нөсер жауын, бұршақ жауады. Дауыл соғып, жел күшейеді. Солтүстік-батыс антициклонының көшуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, күн суытады», — делінген хабарламада.