jasqazaq.kz

Алдағы күндері қар күтілуде

13 мамыр 2019, 15:49

Қазақстанда аптап ыстықтан кейін ауа райы күрт суытады. Бұған Солтүстік Оралдан келетін суық арктикалық фронттар себепші болады, деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері.

Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда, күндіз орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал әрі ауа температурасы күрт төмендейді.

«30 градустық ыстықтан кейін, күндіз ауа температурасы плюс 17-22 градусқа дейін төмендеп, қиыр солтүстікте 8-13 градус нөлден жоғары болады. Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың соңы жылбысқа қарға ұласып, 0-5 градус аяз болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның қалған өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы сәл төмендеуі мүмкін.

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқа қарға ауысады) түседі, кей жерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с болады. 14-15 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болуы ықтимал.

15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерінде 3 градус қатқақ болады.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болады.

14 мамырда күндіз және 15 мамырда тәулік бойы Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с жетеді. 14-16 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 мамырда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус қатқақ болуы ықтимал.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты