
Синоптиктер 2019 жылдың 18-20 шілдесінде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады», — делінген хабарламада. Синопниктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстық бәсендейді.