jasqazaq.kz

Алдағы екі айда баспана қымбаттамайды

22 сәуiр 2022, 15:48

Тұрғын үй салумен айналысатын компаниялардың кейбірі пәтер бағасын арзандата бастады. Бұл туралы Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков мәлім етті. Бұд туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Жалпы тұрғын үй нарығында ахуал оңалып келеді. Доллар бағамының төмен де, жоғары да құбылмай, айтарлықтай тұрақты деңгейде сақталуы нарыққа жағымды әсер етіп жатыр. Сондықтан біз дәл қазір баспана бағасы өспейді деп айта аламыз», — деді Виктор Микрюков ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс материалдарының бағасында да жағымды динамика байқала бастаған. «Көптеген құрлыс материалдарының бағасы төмендей бастады. Бұл әрине қуантарлық жаңалық.

Көптеген құрылыс компаниялары баспана бағасын түсіре бастады. Өйткені кейбір болжамдар нақты тәуекелден артық есептеліп, баға қажетті деңгейден тым артық көтеріліп кеткен болатын», — дейді қауымдастық басшысы.

Сөз соңында Виктор Микрюков алдағы екі айда баспана бағасы қымбаттамайды деген болжамын айтты.

Осы айдың басында ғана Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко баспана нарығында бағаны күрт түсіретіндей себеп көріп тұрмағанын айтқан еді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр