jasqazaq.kz

Алдағы аптадан банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды 

13 мамыр 2022, 11:59

16 мамырдан банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады», — деді Р. Скляр елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, осыған дейін несиелеуді жүргізген бес банк бұл жұмыстарға жұмылдырылмақ.

«Атап айтқанда, несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «ӨКМ Операторынан» аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз», — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автонесие шарттары бекітілгенін айтқан еді.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

• сыйақы мөлшерлемесі ­– 4%;

• несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;

• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;

• бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;

• көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды. Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті