
Албанияда жер асты дүмпүі болды. Салдарынан 325 адам жарақат алып, 7 адам қаза болған. Бұл туралы Албанияның Koha Jone газеті елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады,деп жазды tass.ru агенттігі.

Тирана маңындағы жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 4:00 тіркелген. Зілзаланың қуаты 6,4 баллды құраған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, эпицентр Шиакак қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде, Тиранаға жақын жерде болған. Жер асты дүмпүі 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Сілкініс Тирана астанасында, сондай-ақ Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Греция, Хорватия және Италияның кейбір оңтүстік провинцияларында сезілді.

Тиранадан 30 шақырым жерде екі тұрғын үй Кавай қаласында тағы екі ғимарат құлады. Үйінділер астында адамдар болуы мүмкін, құтқарушылар жұмыс істеуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram