jasqazaq.kz

Алаяқтыққа барған аудан әкімі 5 жылға сотталды

28 желтоқсан 2020, 12:38

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын «Құлан» бағдарламасы бойынша 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды, алайда бұл ақша иесіне бұйырмаған, — делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Көрсетілген қаражатты иемденіп, оны өз қажеттіліктері үшін ысырап ету мақсатында жалған құжаттар мен түбіртектерді қолданғаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия