jasqazaq.kz

Алаяқтар көбіне интернет-алаңдардағы жарнама арқылы алдайды

15 ақпан 2021, 12:02

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз қылмыстардың жалпы көрсеткішінде 10 пайыздан астамы алаяқтыққа тиесілі екенін айтты.

«Қылмыстардың жалпы ауқымында 10 пайыздан астамы алаяқтыққа тиесілі. Интернет технологиялардың дамуы арқылы азаматтарды алдау тәсілдері мен оқиғалары артып келеді. Өткен жылы ішкі істер органдары интернет алаяқтық туралы 14 мыңнан астам істі тіркеді. Оның ішінде 5,5 мыңы жарнама бойынша іс жүзінде болмаған тауар немесе қызмет үшін толық әрі ішінара төлем жасау фактісіне қатысты қозғалды. Бұл жарнамаларды алаяқтар сауда интернет алаңдарында және сайттарда орналастарған», — деді ресми өкіл онлайн режимдегі брифингіде. Оның айтуынша, 3 мың алаяқтық азаматтардың жеке мәліметтерін алуға байланысты болып отыр. Бұл қылмыстар онлайн несие рәсімдеу мақсатында жасалады. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам алаяқтық азаматтардың жеке мәліметтерін әрі карта шоттары реквизиттерін иемдену жолымен мобильді банкинг арқылы ақша жымқыруға қатысты.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия