jasqazaq.kz

Алаяқтар әкім атын пайдаланып, мейрамханада тегін тамақтанып келген

20 ақпан 2018, 17:53

Қала әкімі атынан Астана мейрамханаларында тегін тамақтанып жүрген алаяқтарды полиция қызметкерлері қолға түсіре алмай жүр.
Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды. Белгісіз біреулер қала әкімшілігінің атынан мейрамханаларға немесе банкет залдарына тапсырыс берген. Олар қала әкімі немесе оның орынбасарлары түскі асқа немесе кешкі асқа қонақ ертіп келетіні туралы хабарлаған. Сондай-ақ, алаяқтар мейрамханада сатыла бермейтін қымбат ішімдіктерге де тапсырыс беріпті. Тіпті мейрамханаларға элиталық алкоголь сатып алуға болатын дүкендердің мекенжайларын беріп, Qiwi-әмиян арқылы тиісті жерге ақша аударуды сұраған. Алаяқтар банкет біткеннен кейін толық төлем жүргізілетінін айтып, мейрамханаларды сан соқтырып кеткен.  «Тапсырыстан бас тартқысы келмеген мейрамхана қызметкерлері элиталық алкогольді сатып алуға ақша аударған. Ал арам ниеттерін іске асырған алаяқтар телефондарын сөндіріп, ізін суытқан», – деп хабарлады департамент.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды