jasqazaq.kz

Алаяққа алданып қалды

19 қараша 2018, 17:51

Қазақстанның 20-ға тарта азаматы шетелде жұмысқа тұрмақшы болып алданып қалған. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Қазақстандықтарды шетелде жоғары жалақыға қызықтырған, кейіннен сол алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар туралы бірқатар БАҚ-та жазылған болатын. Алаяқтардың жақсы ұсыныстарының кесірінен біздің бірқатар азаматымыз Ұлыбританияға жету үшін үлкен сомада ақша салып, ақыры құр қол қалған жағдайлар да кездесті. Жуырда Чехияда жұмыс істеуге шақыратын алаяқтардың тағы бір схемасы туралы мәлім болды. Бұл алаяқтық әрекеттің салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен», — деді ол.

Айбек Смадияровтың айтуынша, азаматтар Қазақстандағы жалған компаниялар арқылы туристік визалар алып, Чехияның қалаларына жұмыс істеуге аттанған. «Олар алаяқтардан Чехияда жұмыс істеу құқығын бермейтін, ұзартуға жатпайтын немесе қайта шығарылмайтын туристік визаларды алған. Осындай қиындықтарға тап болған біздің отандастарымыз тіпті кері қайтуға билет сатып алу мүмкіндігінен айырылған. Осыған байланысты біз қазақстандықтарды жұмыспен қамту компанияларымен байланыс орнатқан кезде асықпауға, абай болуға кеңес береміз. Туристік визалар Еуропа елдеріне жұмысқа орналасуға жарамсыз екендігін хабарлай отырып, неғұрлым мұқият болуға шақырамыз», — деді Айбек Смадияров.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді