jasqazaq.kz

Алаяқ интернет арқылы 15 адамды қант сатамын деп алдаған

01 тамыз 2022, 13:15

Алматылық алаяқ olx.kz арқылы 15 адамға «қант сатқан». Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлердегі түзету мекемелерінде жасалатын кибер алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Қарағанды облысының кибер қылмыспен күрес бөлімшесінің уәкілдері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдерімен бірге қылмыскердің жолын кесті. Алматы облысындағы түзету мекемесінде алаяқтығы үшін жазасын өтеп жатқан азамат ұялы гаджет арқылы интернет-алаяқтыққа барған. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі арқылы тауар мен қызмет ұсынушыларды тауып, солардың сеніміне кіру арқылы месенджер-чаттарға мүше болады. Сол чаттардың көмегімен өзін желіні қолданушының танысы немесе әріптесі ретінде таныстырып,қарызға ақша сұраған», — деді ол онлайн брифингіде.

Күдіктінің бұл әрекетінен Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында 30 адам зардап шеккен.

«Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық сақшылары елдегі қант тапшылығын пайдаланып, Оlx.kz сайты арқылы алаяқтық жасаған адамды анықтады. Ол интернетте көтерме және бөлшек саудада қант сататыны туралы жалған хабарландырулар салып отырған. Алайда ақша қолына тиген бойда хабарсыз кетіп отырған. Осындай 15 эпизод анықталды. Ол қазір қамауда», — деді орталық бастығы.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде