jasqazaq.kz

Алаяқ әйел түркістандықтарды 11 млн теңгеге алдап кеткен

21 наурыз 2020, 12:02

Түркістан қаласында алаяқтық жолмен тұрғындарды қыруар ақшаға қарызға батырған әйел ұсталды. Қазіргі таңда күдіктінің бірнеше азаматқа 11 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол күдікті әйелге 1 миллион теңге көлемінде несие алып бергенін айтқан. Алайда ол айтқан уәдесінде тұрмай, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Ол облыс орталығының тұрғыны екені анықталды. Тергеу барысында алаяқ әйел Түркістан қаласының тағы 8 тұрғынын алдап, жалпы көлемі 11 миллионға жуық теңгені иемденгені дәлелденген. «Аталған жайттардың барлығы тіркеуге алынып, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Күдікті әйел бүгінде қамауда. Қалалық полиция басқармасының полицейлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екендігін айтуда», — делінген хабарламада.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі