jasqazaq.kz

Алаяқ әйел танысының атынан несие алған

27 сәуiр 2020, 18:01

Қызылордада 26 жастағы алаяқ әйел танысының құжатын сұрап алып, атына жасырып несие рәсімдеген.

Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдаланған 26 жастағы әйел сотқа тартылды. Ол жақын танысының үйіне келіп, танысының төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алған. Бұдан кейін ол күйеуі қызына ақша аударатынын айтып, банк картасын сұрап алады. Алған құжаттары арқылы түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысына қомақты көлемде шығын келтіреді. Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті. Қазір сотта қаралуда.

“Қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп барады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында оған қатысты 162 қылмыстық оқиға орын алған. Сондықтан азаматтардан сақ болуын сұраймыз”, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі