jasqazaq.kz

Алаяқ әйел қарағандылықтарды тақырға отырғызған

23 тамыз 2018, 11:23

Қарағанды тұрғындарын мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алып беремін деп сендірген әйел жиырмаға тарта адамды алдаған. Алаяққа өз еріктерімен миллиондаған ақшаларын санап берген қарағандылықтар сотқа жүгінген. Зардап шегушілердің жалпы шығыны 28 миллион теңге, деп xабарлайды Baq.kz.

28 жастағы Қарағанды тұрғыны таныстарына өзінің әкімдікте жұмыс істейтіндігін, пәтер алуға көмектесуге мүмкіндігі бар екендігін айтып қауесет таратқан. Осылайша жекеменшік баспанасы болғанын армандаған 18 адам алаяқ әйелдің тәтті сөзіне сеніп, сан соғып қалды. Ол аңқау елді мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алып беретіндігін айтып сендіріп, олардың ондаған миллион қаржысын қалтасына басқан. Зардап шеккендер пара беру арқылы заң бұзғандықтарын білмегендіктерін айтады. Қомақты қаржыларын әкімдік «қызметкерінің» қолына ұстатып, армандарындағы пәтерлерін күте-күте зарыққан олар алаяққа алданғандықтарын білген. Жапа шеккен тұрғындар құқық қорғау органдарына шағымданып, алаяқ әйелдің үстінен арыз түсірген. Көп ұзамай 28 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тергеу уақытында темір торға қамалған.

Қазыбек би аудандық соты әкімдіктің жалған қызметкерін 5 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды.

«Оған өмір бойына жылжымайтын мүлік саласында қызмет жасауға тыйым салынды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейтін болады», — деді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Кутышев.

Сондай-ақ, алаяқ әйел зардап шегушілердің 28 миллион теңгеге тарта ақшасын қайтарып беруі тиіс. Бірақ оның бұл қаржыны қалай, қашан қайтаратыны белгісіз. Себебі, оның меншігінде не пәтер, не автокөлік жоқ.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді