jasqazaq.kz

Алаяқ әйел бірнеше сатушыны алдап кетті

24 ақпан 2021, 18:58

Алматыда дүкен сатушыларын жалған чектермен алдап соққан әйел ұсталды.

27 жастағы күдікті сауда нүктелерінде сатушыларға жалған чек көрсетіп, төлем жасамай, заттарды алып кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ол үш айдан астам уақыттан бері қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған, бірақ еш жерде жұмыс істемейді. Бұған дейін мүліктік қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған әйел Алматыға туған жері Ақтөбе қаласынан ақша табу үшін келген. Бірақ оның жұмыс істегісі келмеген. Ол азық-түлік дүкендерінде және киім бутиктеріндегі өнімді таңдап, бағасын анықтағаннан кейін, сол жерде смартфондағы қосымшаны қолдана отырып, төлем туралы чекті қолдан жасап, оны сатушыларға көрсетіп отырған. Сатушылар оның смартфонына қарап алданып, ақшаның есепшотқа түскені туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенген. Ол жайбарақат тауарды алып, оқиға орнынан кетіп қалып жүрген.

Есепшотына ешқандай ақша түспеген оншақты сатушы полицияға шағымданған. Осыған байланысты, осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар 8-708-707-92-02, 8-705-771-13-71, 8-705-55577-63 нөмірлері арқылы бізге хабарласа алады», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Решетников.

Ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оны мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия