jasqazaq.kz

Алаяқ әйел алматылықтарды тақырға отырғызды

26 шiлде 2022, 15:34

Тендерді жеңіп алуға көмектесетінін айтқан алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді әйелді ұстады. «Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 млн теңгеге жетті», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр. Полиция өкілінің айтуынша, күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр