jasqazaq.kz

Алаяқ әйел 4 өңір тұрғындарын алдап соққан

16 қантар 2021, 14:18

Атырау облысындағы «Теңіз» кенішіне жұмысқа орналастыруды уәде етіп, адамдарды алдаған атыраулық әйел ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Алаяқ әйел тек Ақтөбе облысының емес, Түркістан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындарынан ақша жинап алған.

«WhatSapp мессенджері арқылы хат алмасып, адамдардың сеніміне кіріп, «Теңіз« кенішіне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Шымкент қаласының тұрғыны оған 200 мың теңге беріп, қолындағы барынан айырылып қалған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық жолмен 40-тан астам адамды алдағаны анықталды. Алаяқ әйел әр құрбанынан 150 -200 мың теңгеден алып, өз уәдесін орындамаған», — деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Шығынның жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша жүргізілді. Ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе материалдық залалды 20 есе етіп қайтаруы мүмкін.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия