jasqazaq.kz

Алаяқ 17 тұрғынның ақшасын жымқырып кетті

08 маусым 2020, 11:01

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деген алаяқты ұстады.

Отырар аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, биыл қаңтар айында бейтаныс жігіт алдап, сеніміне кіріп, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы алаяқ тұрғыннан 700 000 теңгесін алып, содан бері жоқ болып кеткен.

Аталған, жайт Отырар АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, күдіктіні ұстады.

Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған адамның тағы да осындай 16 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары алаяқтың құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды және оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және сенбеу керектігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия