jasqazaq.kz

Алатаудың баурайы қоқыс алаңына айналған

20 мамыр 2021, 11:11

Алматы облысындағы Көклайсай шатқалы тұрмыстық және құрылыс қалдықтарына толған. Қырғауылды ауылының тұрғындары мен жергілікті тұрғындар бір-бірін қоқыс үйіндісінің пайда болуына кінәлайды, деп хабарлайды 24.kz.

Қырғауылды ауылы мен тау етегіндегі саяжайлар арасындағы жолдың жиегінде қоқыс үйіліп жатыр. Жұрт тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын әр жерге тастап кетеді екен. Саяжай тұрғындары мұндай бассыздық пен жағымсыз иістен әбден мезі болған.

«Табиғатқа жаны ашымайтын тұрғындармен күресу үшін өзге елдердің тәжірибесін пайдалану керек. Мысалы, Ресейде қоқыс тастайтындарды тоқтату үшін камера қойып, құқық бұзғандарға айыппұл салынады. Мәселе осылай шешілді», — дейді саяжай тұрғыны Андрей Смирнов.

Көклайсай, Бағбан және Эдельвейс саяжайларына баратын тау жолы бойында бейнекамера қою туралы ұсыныс жасалған. Бірақ Райымбек ауылдық округі әкімдігі бұған қауқарсыз екенін айтты. Өйткені Іле-Алатау Ұлттық паркінде орналасқан жол облыстық маңызға ие. Сондықтан ауыл әкімдігі облыстық мекемелерге ұсыныс жасаумен ғана шектеліп келеді.

«Біз бірнеше рет көлікпен кетіп бара жатып қоқыс тастағандарды көріп қуып жібергенбіз. Бірнеше жылдан бері тұрғындар осы жерді қоқыс алаңына айналдырып алды. Онда сол жерге қоқыс жәшіктерін қойып қою керек шығар. Жинау да оңай болады», — деді саяжай тұрғыны Лилия Скворцова.

Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдын Баекеевтің айтуынша, ауыл тұрғындарының бұған қатысы жоқ. Олар екі жеке компаниямен қалдықтарды шығару туралы келісім жасаған, дейді шенеунік.

«Қоқыс жәшігін қою үшін саяжай болғаннан кейін бұл жерде жекеменшік фирмалар қызмет көрсетеді. Сонымен сол қаражатын бөлу керек. Төрағалармен сөйлессек «біз саяжайда тұратындардан қаражат жинай алмаймыз» дейді. Ақшасын төрағалар жинап берсе қоқыспен айналысатын мекемелер қоятын еді», — деді Айдын Баекеев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия