jasqazaq.kz

Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен орынбасары сотталды

12 мамыр 2020, 14:25

Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімінің 1,2 тармағымен айыпты деп танылып, тонаған қаражатты 10 еселенген түрде қайтаруға міндеттелді (4 162 857*10 = 41 628 570 теңге) . Түпкілікті жаза ретінде оған 40 406 250 теңге көлемінде айыппұл салынды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар оған мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Судья Шахмерден Рыспаевқа тағайындалған жазаны өзгертіп, қамаудан қолхатпен босату туралы шешім қабылдады.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Өміралиев Еркебұлан ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жыл, 6 айға бас бостандығы шектелді.

Ағыбаев Саят ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлімімен, ҚР ҚК 369-бабының 1-бөлімімен, 189-бабының 3-бөлімінің 1-тармағымен айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үшеуінің әрқайсысынан жәбірленушілер қорына 50500 теңгеден тәркіленді.

Айта кетейік, Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары, аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген күдікпен қолға түскен болатын.

Оларға 2019 жылы «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі