jasqazaq.kz

Алакөлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін

08 тамыз 2019, 11:28

Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөлге лас су ағызған мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісі бойынша «ALMATRADEGROUP» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Су көл жағасында орналасқан екі бассейннен (балалар мен ересектер) заңсыз орнатылған құбырлар арқылы ағызылған. Департамент кәсіпорынның құжаттамаларын тексеріп, судың сынамаларын алды», — делінген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында. Тексеру нәтижелері бойынша, сарқынды суларды мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз ағызуды жүзеге асыру бөлігінде заңбұзушылықтар анықталған. «Жіберілген экологиялық заңнама бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды. Сарқынды суларды ағызу жүзеге асырылған құбырларды жою туралы ұйғарым берілді. Сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Алматы облысы бойынша Экология департаменті мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз беретін болады. Су ресурстарының сапасы тұрақты жағдайда, қоршаған ортаға қауіп байқалмайды. Алматы облысы бойынша Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен берлесіп суға мониторинг жүргізуде», — делінген министрліктің хабарламасында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда