jasqazaq.kz

Алакөлді ластаған қонақүйге айыппұл салынады

05 тамыз 2019, 15:19

Алакөл мен оны ластаған «Көктем гранд» қонақүйінің бассейнінен алынған сынамалар бірер күнде дайын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік,өткен аптада әлеуметтік желі арқылы аталған қонақүй кешенінің құбырынан көлге лас су ағып жатқаны түсірілген бейнежазба таралып кеткен еді. Судан жағымсыз иіс шыққандықтан, бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызды. Сол күні экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен комиссия құрылып, жұмыс істей бастады. «Оның кәріз жүйесінен емес, демалыс орнының бассейнінен аққан су екені анықталды», — деді Ғалымұрат Жүкел.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Оқиғаға байланысты Алакөл көлі мен демалыс орнының бассейнінен сынамалар алынды. Олардың нәтижелері ертең белгілі болады. Соған сәйкес, экологиялық заң нормалары бойынша шара қолданылатын болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда