jasqazaq.kz

Алакөлдегі өрт сөндірілді: 4 демалыс орны өртеніп, 7 адам зардап шекті (Видео)

05 шiлде 2022, 11:02

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасынан шыққан өрт 5 сағат бойы сөндірілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Демалыс орындарынан шыққан ірі өрт Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және тұрғындардың бірлескен күшімен 5 шілде күні сағат 5:40-та өрт сөндірілді. Алдын ала белгілі болғандай, өрт аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Өрттен 4 бірдей демалыс орны зардап шекті», — деп хабарлады ТЖД.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 7 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Тексеруден өткен соң және алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр.

«Өртті секундына 10 метрге жететін жел өршітіп жіберген. Өрт бір ағаш үйден екіншісіне тарай берген. Өрт сөндірушілер мен сөндіруге қатысқандардың бәрінің сауатты және жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды», — деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, Полиция департаментінен, Тарбағатай ұлттық паркінен және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр