jasqazaq.kz

Алакөлде 3 мың шаршы метр демалыс орны өртенді (видео)

05 шiлде 2022, 10:01

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында болған өрт 5 сағат бойы сөндірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алакөл жағасындағы демалыс базасында алдын ала есептелгендей 3 мың шаршы метр аумақ өртенген. 4 демалыс орны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тарады. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен 7 адам медициналық көмекке жүгінген. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан», — делінген Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Өрттің неден шыққаны анықталуда. Оқиға орнында оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, 4 шілде күні сағат 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт шыққан. Қатты желдің кесірінен қызыл жалын қас пен көздің арасында көрші базаны шарпып үлгерген.

Әлеуметтік желіде Алакөлдегі өрт түсірілген видеолар жарияланып жатыр. Желі қолданушылары демалыс орнындағы адамдардың қауіпсіз жерге шыққанын, кейбірі өртті сөндіруге атсалысып жатқанын айтады.

https://youtu.be/6RCJ9bk9Dlk

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде