jasqazaq.kz

Алакөл «екінші Лас-Вегаске» айналатыны рас па?

03 тамыз 2018, 11:58


Соңғы жылдары ШҚО-дағы атақты «Алакөл» туристік аймағына жазғы демалысқа барушылардың қарасы көбейген. Өңірге қалтасы қалың бай-бағландардан бастап, қарапайым халыққа дейін, тіпті алыс-жақын шетелдерден келушілердің саны арта түскен.
NUR.KZ жазғандай, осыдан біраз жыл бұрын шаң басып, тоз-тозы шыққан орталық (авт. көл жағасына ең жақын орналасқан алаңды, жергілікті тұрғындар дәл осылай атайды) бүгінде адам танымастай өзгеріп кеткен. Мұнда жергілікті халық пен туристер, күндіз көлдің суына түсіп демалса, кешкісін осы алаңға жиналып, сауық-сайран кұруды әдетке айналдырған.


Орталықта «Алакөл» деген жазбадан бастап, суретке түсетін түрлі орындар, жаттығу алаңдары, тіпті, халық тынығатын мынадай орындықтардың түр-түрімен бар. Тынығу орындарының сыртқы пішіні жөнінен әр алуандығы соншалық, олардың арасында алып саңырауқұлаққа ұқсайтын түрлері де бар. Сонымен бірге  орталықта балаларға арналған демалыс орны да бар.
Ал алаңның қос жағасындағы дәмханалар мен үлкенді-кішілі дүкендердің, мейрамханалар мен қонақүйлердің санында шек жоқ. Бір қызығы, дәмхана мен қонақүйлер атауларының кейбірі латын қарпіне көше бастағанының куәсі болдық.
Айтпақшы, орталықтағы қонақүйлер мен дәмханалардағы тәтті-дәмділердің бағасы өзге аймақтардан өзгеше. Мәселен, мейманханаларда бір адамға арналған жатын бөлмелердің құны – 5 мыңнан бастап 20 мыңға дейінгі аралықты қамтиды.


Бұдан бөлек, көл маңында мынадай катер-қайықтар түр-түрімен тізіліп тұр. Орталықтағы тағы бір «қызық» — алаңда таңғы төртке дейін болатын түнгі би кеші болып отыр. Аталмыш орынды жергілікті жастар құптаса, үлкендер қауымы оған қарсы болып шықты. «Би кеші емес, жынойнақ қой? Таңғы төртке дейін дүңкілдеген мән-мағынасыз әуенге кімдер әуес болады дейсіз? Осылай жүріп, америкалық «Лас Вегас» сияқты Алакөліміз «лас» жерге айналамаса болды әйтеуір?», — дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Алакөлде түнгі тіршілік кеш уақытында осылай қыз-қыз қайнаса, күндіз демалушылардың бәрі көл жағасына асығады. Кей күндері онда тіпті ине шаншар орын болмайтын көрінеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді