jasqazaq.kz

Алакөл екінші Лас-Вегас, бірақ дәрет сындыратын жер жоқ

06 тамыз 2018, 13:08

Жаз маусымы қызып, ел тұрғындары түрлі демалыс орындарына ағылғалы бері, еліміздегі туристік аймақтардың да «кемшін» тұстары байқалып қалды.

NUR.KZ  жазғандай, мәселен, атақты Алакөл жағасына барушылардың дені жағалауда әжетхана жоқ деген уәждерін айтты. Бұған қоса, олар жергілікті билік демалыс орындарын саламыз деп жағажай аумағын азайтып тастағанын жеткізді.
Алакөл туристік аймағының орталығы адам танымастай өзгеріп, демалыс орындары көбейгеніне қарамастан, мұндағы «кемшіліктер» де жоқ емес. Мәселен, сонау Ресейден ат терлетіп келген туристердің сөзінше, көл жағалауында әжетхана деген атымен жоқ екен.
«Алакөлге биыл бірінші рет келіп отырмыз. Бәрі тамаша, көл де, демалыс орындары да. Тек әжетхананың болмағаны ыңғайсыз екен. Адамдарға барлық жағдай жасалуы тиіс деп ойласа, жергілікті билік алдымен осы мәселені шешулері тиіс еді. Балаларымызға жарайды, оларға горшок бар дегендей. Ал, ересектерге, әсіресе үлкен адамдарға қиын ғой? Тез арада әжетхана мәселесін шешу керек деп санаймын»,-дейді туристер.
Сонымен бірге, демалушылардың көпшілігі жағажай аумағының тым азайып қалғанын айтуда. Бұған себеп – орталық алаңның орасан зор аумаққа салынуы болып отыр. «Бұрындары мына жағажай кең болатын, адамдар отбасыларымен еркін отыра алатын еді. Биыл қалай? Бір-бірімізді таптап кете жаздадық, әсіресе тұрғындар көп келетін шіліңгір шілде айында қиын. Жағажайда тізе бүгер орын болмай қалды. Жергілікті әкімдіктің бір қателігі – мына демалыс орталығының аумағын кеңейтеміз деп, көл жағасын тым тарылтып тастаған. Егер осылай жалғаса беретін болса, кейін көлге түсіп, жағалауда демалудың өзі мүмкін болмай қалатын сияқты. Әрине, көпті сынағаным емес, бірақ осы мәселені де ескерсе екен дейміз. Көлдің бұдан басқа да жағалаулары көп, ол жақты дәл осылай тарылтып тастамаса игі еді», – дейді ел тұрғындары

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде