jasqazaq.kz

Әл-Фараби жобасы бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды

16 наурыз 2021, 12:41

15 наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) президенті Вагит Алекперовтың қатысуымен үшжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында Әл-Фараби теңіз учаскесінде бірлескен игеру жұмыстарын жүргізу аясында көмірсутектерді барлау мен өндіруге құқық беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Тараптар осы жобаның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ендігі кезең ҚМГ-ның 50,01%, ал ЛУКОЙЛ-дың 49,99% үлесі бар бірлескен кәсіпорынды құру бойынша ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасуды және болашақ мәміленің аяқталуын көздейді. «ҚазМұнайГаз» және ЛУКОЙЛ стратегиялық серіктес болып табылады және ұзақ жылдар бойы бірқатар жобаны бірлесіп жүзеге асырып келеді. Ынтымақтастықтың дамуындағы осы кезең тараптар арасындағы сенімді әрі тығыз байланысты растап отыр. Қос компания ресурстық базаны кеңейтуге және Каспий өңіріндегі көмірсутек шикізатын геологиялық барлау және өндіру ісінде жаңа мүмкіндіктер іздеуге мүдделі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы А.Айдарбаев. Келіссөздер барысында Хвалынское, Орталық, Жеңіс және басқа да жобалар бойынша ҚМГ мен Лукойл компанияларының бірлескен қызметі де талқыланды.

Сондай-ақ серіктес Қаламқас-теңіз және Хазар жобаларына қызығушылығын білдірді. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутек іздеу үшін тартымды екенін айқындайды. ҚМГ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ресурстық базаны кеңейту және геологиялық барлауды жүргізу туралы тапсырмасын орындау аясында, соның ішінде жетекші мұнай-газ компаниялары қатысатын бірлескен жобалардың есебінен де белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өткен жөн.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия