jasqazaq.kz

Актриса көз жұмған жол апаты: куәгер көргенін айтып берді

13 ақпан 2019, 12:13

Алматыда 3 адамның өмірін жалмаған Ілияс Карға қатысты сот отырысында болған оқиғаны көзімен көрген куәгерлер сұралды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Болған оқиғаны есепші Елена Никонова көрген. Оның айтуынша, сол күні жол ашық, көше таза болған. Әйел Сейфуллин көшесімен Абай даңғылына таңғы 5 шамасында бағдаршамға келіп тоқтаған. Бірнеше секундтан соң көз алдында жантүршігерлік апат болған. «Мен Mitsubishi Galant артынан келіп тоқтадым. Біздің сол жағымызда автобус тоқтап тұрған. Ол да жол апатының болуына өз үлесін қосты десек болады. Автобустың ар жағында Gelandewagen ұшып келе жатқанын көрмедік. Galant жасыл шамға жүріп кетті, артынан мен қозғалдым. Осы кезде көлденең түскен қара көліктің есігі көрінді. Сол сәтте қатты соғылды, менің көлігіме әйнектің сынықтары шашырады. Мен шоктан есімді жиып, көлігімді жол шетіне қойып, оқиға орнына жүгіріп бардым», — деді Елена Никонова. Куәгердің айтуынша, Galant жолаушылары алғашында тірі болған. «Көлікті аударған кезде, есіктер жапырылып қалғандықтан, қыздарды багажник арқылы алып шықты. Жедел жәрдем келгенше олардың жүрегі соғып жатты», — деді ол. Елена Никонова Gelandewagen жүргізушісінің кетіп бара жатқанын көрген сыңайлы болды. «Мен білмеймін, мүмкін қателесетін болармын. Бірақ Gelandewagen жүргізушісін екі адам келіп екі қолтығынан алып бара жатқанын көргендей болдым. Бұл апаттан кейін шамамен 5 минут өткен соң болды. Бәрі естерін жиып жан-жағына қарағанда сол үшеуі басқа көлікке отырып кетіп бара жатқанын көрдік. Жүргізушінің аяғы тәлтіректеп тұрғаны байқалды. Бұл апаттан емес, ол анық. Жол апатынан кеуде ауыруы мүмкін. Бірақ аяққа зақым келмейді», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде