jasqazaq.kz

Әкімшілік сот төрағасы атқарылған жұмыстарды баяндады

17 қазан 2022, 21:28

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлады

«Мемлекет Басшысының Жолдауы негізінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, елімізде мамандандырылған әкімшілік соттары құрылды. Қазіргі таңда аталған кодекспен реттелетін әкімшілік актілерге қатысты жария-құқықтық даулар мамандандырылған әкімшілік соттарымен қаралуда. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап өз жұмысына кіріскен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының штатында 9 судья 15 сот қызметкері жұмыс атқаруда»,-деді спикер.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2022 жылдың 9 айында 1272 әкімшілік талап арыздар түскен, ал өткен жылдан қалдық ретінде өткен істер саны 189 іс болса, қалдық істерді қоса алғанда жалпы 1461 істі құраған. Оның ішінде, Сот орындаушыларға қатысты даулар — 279, жер даулары — 270, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты даулар — 111, мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар — 106, салық даулары – 108 болса, тұрғын үйге қатысты даулар саны — 50. Осы аталған даулар жалпы түскен арыздардың 72,6 % пайызын құрап отыр.

Сонымен қатар, есептік кезеңде жалпы түскен арыздардың 1205 арызы қаралып аяқталған, яғни 82,4 % пайызын құрап отыр. Оның ішінде 421 іс немесе 28,8 % пайызы шешім шығарумен аяқталса, 632 іс немесе 43,2 % пайызы кері қайтарылған.

Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің бір ерекшелігі — процестік мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде ақшалай өндіріп алу процесі. Биылғы жылы соттың тарапынан әкімшілік процеске қатысушыларға қатысты жалпы 46 процестік мәжбүрлеу шаралары тағайындалған.

Тағайындалған ақшалай өндіріп алудың жалпы сомасы 3 478 166 теңгені құраған. Қазіргі таңда, ақшалай өндіріп алу туралы сот ұйғарымдарының барлығы орындалып 3 478 166 теңге толықтай республикалық бюджеттің кірісіне өндірілген.

Сонымен қатар, әкімшілік сотымен 67 жеке ұйғарым қабылданған, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің басшыларына қатысты – 3, мемлекеттік мекемелерге қатысты – 31, мемлекеттік мекемелердің лауазымды және жауапты тұлғаларына қатысты – 16, жеке сот орындаушыларға қатысты– 15, адвокатқа қатысты -1, басқа да тараптарға қатысты — 1 жеке ұйғарым қабылданған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр