jasqazaq.kz

Әкімнің орынбасары жол апатынан көз жұмды

10 мамыр 2019, 10:13

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Петропавл – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан қаза тапты.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты бейсенбі, 9 мамыр күні сағат 18:30-да Көкшетаудан үш километр жерде болған. «Петропавл-Астана» автожолында 1974 жылы туған Көкшетау тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін асфальт төсегіш машинаға соғылған. Рульде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жомарт Нұркенов 1974 жылдың 3 сәуірінде Целиноградта туған. Ақмола аграрлық университеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы мал дәрігері болып бастады. Ақмола облысындағы Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі болды. 2017 жылдың басында Ауыл шаруашылығы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне басшылыққа келді, бір айдан кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор болды. 2019 жылдың 10 сәуірінде Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

Ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде