jasqazaq.kz

Әкімнің орынбасары парамен ұсталды

18 сәуiр 2019, 15:15

Қостанай облысының Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаменті облыстың Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — деді ол. Департамент басшысының айтуына қарағанда, ол ауданның автожолдарын күтіп ұстау және қызмет көрсету шарты бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қою және төлем жасау үшін ЖШС өкілінен 150 мың теңге сомасында пара алған. «Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу туралы мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Арман Бердалин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда