jasqazaq.kz

Әкімдіктегілер «Алғабаста» тұрғын үйдің қисайғанын растады

11 желтоқсан 2019, 17:02


Алматы әкімдігінің өкілдері «Зерделі-6» (бұрынғы «Алғабас» ) ықшамауданындағы қисайған үйге қатысты пікір білдірді.

Мамандар тұрғындарға жағдайдың қауіпті емес екенін айта отырып, сабыр сақтауға шақырады. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағамбетов үйдің бір сантиметрге ғана қисайғанын айтады. Сондықтан тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ дейді. «Шамамен бір сантиметрге қисайған. Тұрғындардың айтуынша, қыркүйекте үйдің маңындағы құдықтан су тасыған, ал ол құдықты кейін ғана 7 желтоқсанда жапқан. Сол да үйдің қисауына себеп болуы мүмкін деп ойлап отырмыз», — дейді Қуандық Айтмағамбетов. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы ертең, 12 желтоқсанда топырақ сынамасы алынатынын айтты. Еске салайық, мұның алдында алматылықтардың «Алғабаста» тұрғын үйдің қисайғанын хабарлап жатқаны айтылған еді. Осы үйдің тұрғыны Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады. «Көрші үймен салыстырғанда біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті», — деген еді Данияр.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда