jasqazaq.kz

Әкімдерге карантин шараларын күшейтуді қарастыру тапсырылды

11 маусым 2020, 22:13

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия санитарлық режимді күшейту мәселелерін қарады. Бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз баяндамасында халық арасында санитарлық тәртіптің сақталмауының кесірінен елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын атап өтті.

«Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр», — деді ол.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары індетке шалдығу саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингілік топтардың жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктер жойылғанша уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет. Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80% қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде