jasqazaq.kz

Әкім орынбасарының әйелі, тележүргізуші карантин ережесін бұзды

06 мамыр 2020, 17:42

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің әйелі даулы оқиғаға тап болды.

Желідегілер Нұрбигүл Егізованы карантин режимін бұзды деп айыптауда.

Оған шенеунік жарының шектеу шаралары енгізілген кезде сұлулық салонына барғаны себеп болған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Нұрбигүл Оразова Instagram парақшасында сұлулық салонына барып, шашын бояғанын көпшілікке жария етемін деп басы бәлеге қалды.

Желі қолданушылары Қайсағалиевтің келіншегіне карантин режимін бұзғанын жарыса бетіне басып, оны жазалауды талап етуде.

Әкім орынбасарының жары өзін аясусыз сынап тастаған көпшілікке жауап берді. Егізова әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырып, кейіннен оны өшіріп тастаған.

«Кейде менен айтарлықтай жасы үлкен әйелдердің қылығы мені қатты таңғалдырады. Өздерін бәрінен ақылды көрген олар ойына келгенді жазып жатады. Бұл әрекетімен неге қол жеткізгісі келеді? Иә, адамның көңіліне қаяу түсірдіңдер. Иә, жылаттыңдар. Бұдан кейін мен жақсы болып кетеді деп ойлайсыздар ма? Біреуге ор қазбас бұрын алдымен өзің туралы ойлау керек. Бақытты адам мұндай нәрселермен айналыспайды. Оның үстіне аяғы ауыр келіншекті ренжіткен оңбас. Бәрі Алланың қолында. Уақыт келеді» , — деп жазды ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия