jasqazaq.kz

Әкім орынбасарына не себепті оқ атылғаны белгілі болды

22 ақпан 2019, 21:37

Шенеунікті атып сотталды. Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваны атқандар мен тапсырыс беруші сотталды. Тапсырыс беруші Әлихан Амалбаев бір жылға, қылмысты ұйымдастырушы мен оның екі көмекшісі бір жарым жылға бостандығы шектелді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Яғни, төртеуі де жазасын түрмеде емес, бостандықта жүріп-ақ өтейтін болды. Ал, қылмысқа Рабиға Бейсебаеваның қарызын қайтармауы себеп болған екен. Ұйымдастырушы Әлихан Амалбаевтың анасынан 12 мың доллар алған әкім орынбасары, бірнеше жылдан бері қомақты қаржыны бермей келген. Кек сақтаған азамат тараздық жігіттермен келісіп, шенеунікті қорқытпақшы болады. Сөйтіп, былтыр қазан айында Рабиға Бейсебаеваны үйінің есігінің алдында басынан таспен ұрып, бірнеше мәрте травматикалық қарумен атқан. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталған-ды. Рабиға Бейсебаева бүгінгі үкімге де келген жоқ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда