jasqazaq.kz

Әкім коронавирус жұқтырды

02 маусым 2020, 13:15

Теміртау қалалық әкімдігінің қызметкерлері арасында тестілеу өткізудің нәтижесінде шаһар басшысы Ғалым Әшімов коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовте коронавирустық инфекция анықталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде растады.

«Өткізілген тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінде коронавирустық инфекция барын растады. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулық жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Кала әкімі ешқандай әлсіздік жоқ екенін айтты. Ол 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болады. Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болады. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Теміртау қаласы басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің арасында оң нәтиже анықталған жоқ.

1 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 956 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 255 адам сауығып кеткен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия