jasqazaq.kz

Әкім қол астындағы қызметкерін тілдеді

31 мамыр 2019, 13:32

Бердалинов әңгімелесу кезінде балағат сөздер айтып, өзін дөрекі ұстаған, дауыс көтерген.
Қостанай облысында Таран ауданына қарасты Әйет ауылдық окуругінің әкімі Азамат Бердалинов қол астындағы қызметкерін тілдеді. Жанжал этика кеңесінің отырысында қаралды.
Дөрекі әкімді тәртіпке шақыруға әкім мен оның бағынышты қызметкерінің арасындағы әңгіменің жазбасы себеп болды.    «Бердалинов пен Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаманкөзов арасындағы әңгіменің бірінші бөлімі Әйет ауылы нысандарын қарап шығу кезінде автокөлікте болғаны анықталды. Әңгіме барысында Бердалинов балағат сөздер айтып, өзін дөрекі ұстаған, дауыс көтерген», — дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Рашид Есламов.
Әкім кінәсін мойындады. Ол ауылда кадр жетпейтіндіктен жұмыс тым қиындап кетті деп ақталды, айтуынша, Жаманкөзов өз жұмысын дұрыс атқармаған.
«Қазіргі таңда бізде қиындықтар бар. Төрт қызметкер жетіспейді, мемлекеттік қызметкерлерге шынымен де үлкен салмақ түсіп отыр. Шыдай алмадым, Болат Әбдібекұлынан балағаттағаным үшін кешірім сұраймын», — деді әкім.
Зардап шеккен қызметкердің айтуынша, жанжал салдарынан оның денсаулығы сыр берген.
«Осы шу басталған кезде қан қысымым 220-ға көтеріліп, ауруханаға түстім. Инфаркт алуым мүмкін еді. Ол менің жағдайымды түсінуі керек қой», — деп еске алды Жаманкөзов.
Азамат Бердалинов цифрландыруға қатысты тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған болып шықты. Ұзақ пікірталастан кейін кеңес Азамат Бердалиновты әзірге жұмыстан босатпауға, алайда Таранов ауданының әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ұсыным жолдауға шешім қабылдады.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда